Елорданың әлеуметтік әріптестері әлеуметтік тұрақтылық мәселелерін қарады

Бүгін Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Оған Астана қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы Т.Күнәділов қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, Астана қаласының кәсіпорындарындағы ағымдағы жағдайы туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Исмағұлов баяндады. Оның айтуынша, ықтимал еңбек қақтығыстарын болдырмау шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, міндетті зейнетақы жарналары сияқты әлеуметтік аударымдарды аударудың кешігуі, сондай-ақ барлық қызметкерлермен жазатайым оқиғалардан сақтандырудың міндетті шартын жасасу қажеттілігі туралы жұмыс берушілермен кездесулер және себептерді түсіндіру сипатындағы әңгімелесу өткізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 4 апта ішінде 263 ұйымның 34 кәсіпорны жоғары тәуекел аймағынан шығарылды.

Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсанындағы жағдай бойынша қала бойынша 12 кәсіпорындағы 269 жұмысшының алдындағы жалақы бойынша берешек 129 млн. теңгені құрады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Астана қаласының Полиция департаментіне жіберілді.

Банкроттар мен оңалту сатысындағы кәсіпорындардың 24 қызметкері алдындағы берешегі 16,2 млн. теңгені құрайды. Оларға конкурстық басқарушылар «Оңалту және банкроттық туралы» Заң шеңберінде шара қабылдайды, оны бақылауды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті жүзеге асырады.

Комиссия отырысы алдын алу шараларының және еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Еңбекақының кешігуін болдырмау және қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Одан арғы іс-қимылдар жағдайды мониторингілеуге, берешектің жаңа жағдайларын болдырмауға және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталатын болады.