Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының (төрағасы А.Рақышева) және Бұқар жырау аудандық кәсіподақ комитетінің (төрағасы Э.Хамитова) ұйымдастыруымен тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында, Бұқар жырау ауданының білім қызметкерлері үшін келісу комиссиясының мүшелеріне еңбек заңнамасының негіздерін, келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларын шешу жолдары туралы семинар өткізілді.

Семинарды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды филиалының заң клиникасының жетекшісі, медиатор-тренер, заңгер-кеңесші Шардарбекова Света Мұхамедияқызы жүргізді. Оқыту практикалық семинар және лекция форматында өткізілді. Оқыту барысында еңбек дауларын қарау тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ дауларды бейбіт жолмен шешудің ықтимал жолдары сияқты негізгі мәселелер қарастырылды.

Айрықша назар практикалық кейстерге бөлінді, бұл қатысушыларға тек теориялық білімді ғана емес, нақты жағдайларды талдай отырып, өз жұмысында кездесетін еңбек дауларын шешу стратегияларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Семинар аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы келісу комиссиясы құрамында жұмыс істеу үшін оның біліктілігін растайтын сертификатқа ие болды.