Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында облыс қызметкерлеріне семинар ұйымдастырды. Аталған іс –шара Еңбек заңнамасы туралы білімді нығайту және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытудағы маңызды қадам болды.
Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қарулы күштер, басқа әскерлер және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Тараз қаласы және Жамбыл облысының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы» филиалының мүшелік ұйымына кіреді.
Семинар «Әлеуметтік серіктестік», «Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік заңнамасының теориясы мен тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін ұжымдық шартты әзірлеу және оған қол қою» тақырыптарын қамтыды.
Семинарды «Қарулы күштер, басқа әскерлер және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Тараз қаласы және Жамбыл облысының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы» филиалының төрағасы Алтынбек Жүсіпов және «Қарулы күштер, басқа әскерлер және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Астана қаласының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы» филиалының төрағасы Қуаныш Даулетов жүргізді. Әңгіме барысында жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін тиімдірек қорғауға көмектесу үшін өзінің бай тәжірибесі мен білімімен бөлісті.
Қатысушылар қызмет барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, талқылады. Ұжымдық шарттың маңыздылығы мен оның еңбекшілер құқығын қорғаудағы рөліне баса назар аударылды.
Семинар тәжірибе алмасу, пікір алмасу алаңына айналды. Аталған іс-шара жұмыс орында жағымды атмосфераны құруға және командалық рухты нығайтуға ықпал ететінін айқындады.
Алтынбек Жүсіпов аймақтағы кәсіподақтар ұйымының жұмысына оң бағасын беріп, бастауыш кәсіподақ ұйымдары әрдайым назарда екенін айтып өтті.
«Кәсіподақтың күші – оның бірлігінде», бастауыш ұйымдардың мықтылығында. Ал бастауыштардың бәсекеге қабілеттілігі мекемедегі әлеуметтік әріптестіктің пәрмені, ұжымда ауызбіршіліктің болуы мен кәсіподақ мүшелерінің білімі мен біліктілігіне байланысты», – деп, жұмыстарына сәттілік тіледі.