Үйлестіру кеңесі міндеттерді белгілеп, бағыттарын айқындады

«Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесі өтті. Кеңес жұмысына салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылай отырып, 2025 жылға арналған іс-шараларға ұсыныстар енгізу бойынша және басқа еңбек қатынастар жөнінде мәселелер қаралды.

Отырыс барысында Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының және Облыстық кәсіподақтар бірлестігінің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына өздерінің ұсыныстарымен пікірлерін айтып іс-шаралар жоспарына қосуды ұсынды.

Сонымен қатар Кеңеске қатысушылар алдағы уақытта үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын ұйымдастырып, оған жергілікті атқарушы өкілдерін, құқық қорғау органдарының өкілдерін қатыстыруды сұрады.

Үйлестіру кеңесін қорытындылай келе, Сәдуақас Бекгалыев қатысушыларға алдағы жылға арналған жоспармен таныстырып, еңбек адамының құқығын қорғап, оларға лайықты жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету жолында ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды.