Құрылыс және ТКШ қызметкерлерінің кәсіподағы Астана филиалы жыл қорытындысы мен сауықтырудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Астана қалалық филиалында Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің, филиалдың құрылымдық және мүше ұйымдарының кәсіподақ жетекшілерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Филиал төрайымы Тілеулес Мадьярова өз сөзінде есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысын атап өтті. «Сайланған делегаттардың 94 пайызы қатысқан конференция жақсы деңгейде өтті, барлық баяндамашылар іс-шараның тақырыбын ашып берді. Кәсіподақ жұмысы – ұжымдық жұмыс, біз тағы да бірлігіміз бен татулығымызды көрсеттік. Бүгін, өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, алдағы жылға жоспарларымызды белгілеу үшін жиналдық», -деді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айбосынов Қазақстанның, сондай-ақ шет мемлекеттердің сауықтыру орталықтарында туристік бағдарламаларды, санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша жаңа бағдарламамен таныстырды.

Кәсіподақ көшбасшылары өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. Іс-шара аясында жоғары кәсібилігі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін кәсіподақтың алғыс хатымен мерейтой иелері Бақыт Әлімжанова («Астана-Тазалық»), Айдос Хасенов («Elorda Eco System») марапаттталып, филиалға мүше ұйымдардың барлық төрағаларына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жиынға қатысушылар бірауыздан кездесудің жемісті болғанын атап өтіп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.