Әлеуметтік әріптестер еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу шараларын қарады

Ақтөбе облысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысы өтіп, комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, кәсіподақтар орталығы төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, комиссия мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.

Отырыста үш жақты Өңірлік келісімге өзгерістер мен толықтылулар енгізіліп, өңірлік келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Өңірлік келісімге бір қатар толытылулар енгізілді, соның бірі алдағы үш жылдықта жұмыс берушілер жұмысшыларды жаппай босату кәупі туындаған жағдайда мемлкеттік органдармен қоса Кәсіподақты да хабардар ету міндеті енгізілді.

Ал өңірлік келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылын ескере отырып жасалған болатын.

Сонымен қатар отырыста сервистік кәсіпорандарындағы ағымдағы ахуалы және еңбек жаежалдарының тәукеледері қаралып, оның ішінде «СНПС-АТК» ЖШС-нің басшылығының кәсіпорындағы ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Жыл басынан бері кәсіподақтар орталығы Еңбек тәуекел картасына 3 мекеме кіріп, Кәсіподақтар орталығының Заңгерлік клиникасында ағымдағы жылда 18 өтініш қаралып, 45 адам қабылдауда болды.

Жанжал туындаған жағдайда тараптар наразылық акциясы орнына дереу барып, себептерін және жанжалды реттеу жолдарын анықтап, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.