Жаңа жыл мерекесіне орай Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында кәсіподақ мүшелерімен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сапарғали Шолданбаев кәсіподақ мүшелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, олардың еңбекке деген адалдықтарын, саладағы елеулі жетістіктерін жоғары бағалап, олардың қажырлы жұмыстары қоғам мен экологияға деген үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, жиын кезінде бірқатар кәсіподақ мүшелері салалық кәсіподақтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Өз кезегінде марапат иелері өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, жиын соңында қатысушылар бір-біріне жаңа жылға деген жақсы тілектерін жеткізіп тарқасты.