Кәсіподақ балалар үйінен 25 бала асырап алған Жетесовтар отбасын құттықтады

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова 28 баланы бауырына басып ,тәрбиелеп отырған Жетесовтар отбасында қонақ болып келді.


Ақтөбелік Өмірхан мен Амангүл Жетесовтердің отбасында 28 бала бар. Оның 25-ін балалар үйінен асырап алған.
Отағасы Өмірхан Жетесов-жыршы-термеші , ал Амангүл 35 жыл шығармашылық саласында еңбек еткен жан. Өзінің үш баласынан бөлек 2009 жылы алғаш рет балалар үйінен бала асырап, бауырына басқан. Отбасына бала асырап алуға тиісті мекемелер көмектескен.


«Жыл сайын балаларын өнер мен ұлттық дәстүр негізінде мейірімділікке баулып отырған осы үлкен отбасына бару-біздің парызымыз деп білемін. Балаларының бәрі ұлттық аспаптарда ойнайды. Мәдениет саласындағы осындай өнерлі көпке үлгі болып отырған Жетесовтар отбасының балаларына Жаңа жылдық сыйлықтарымызды апардық. Біз кәсіподақ тарапынан үнемі қол ұшын беріп тұрамыз.Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек», – деді Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова.