Мұғалім-дүниедегі барлық жұмбақтын сырын ұғындырып, дүниеде бір кірпіш болып қалыптасуына жол сілтейтін бірден бір тұлға. Балаға білім мен тәрбие жалауын қатар ұстатып, болашаққа нық қадам басуына септігін тигізетін, алар асуы мен бағындырар белесінің бастаушысы мен бағыттаушысы- мұғалім.
Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, оқушының бойына тәрбие, білімді сіңіре білген мұғалімдердің мерейі қашанда биік. 50 жылдан астам уақыт бойы білім беру саласында өз қызметін абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі ұстазымыз- Куанышбаева Саркыт Куандыковна. Өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған, өзінің жоғары адамгершілік қасиеттері мен кәсіби біліктілігі арқылы оқушылардың санасына ізгілікті, білімге құштарлықты, адамдық қадір-қасиетті қалыптастырып келеді.
Саркыт Куандыковна бүгінде Өтеміс ауылының жалпы орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі қызметін атқарады. Осы саланы абыроймен алып жүрген мұғалімдерге дұрыс жол көрсетуші, қамқор жан. Ұстаздық жолда тек білім ғана емес, өмірлік ұстаным мен адами болмыстың бағытын анықтап беруші.
Өтеміс ауылында білім ордасы бой көтермей тұрған кездерде 70-80 баланы көрші ауылға апарып оқытқан кездер болған болатын. Сол сәттерде әр балаға жауапкершілікпен қарап, қатардан қалмасын деп, өз баласынан кем көрмей екі арада балалардың білімі мен қауіпсіздігі үшін шырылдаған ұстаз.
Ұстаздың болмысы мен пейілі кең, көңілі қазақтың даласындай дархан, достыққа адал, ұрпақтарына мейірбан, шәкірттерінің мерейін өсіруге барын салып келеді. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» демекші ұстазымызды бүгінгі таңда “мектебіміздің жүрегі” десек артық емес.
Сарқыт Қуандыққызы – саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагер ұстаз. Ол жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, олардың бойына білім мен тәрбиенің негізін сіңірді. Ұстаздық жолында өз ісіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің арқасында көптеген оқушылардың өміріне оң әсерін тигізді. Ұстаздың еңбегі ел ішінде жоғары бағаланып, бірнеше марапаттармен ерекшеленген. Оның өмірлік тәжірибесі мен білімі болашақ ұстаздарға үлгі болып қала бермек.