ФПРК футзал командасы – АФЛ чемпионатының вице-чемпионы

Өткен демалыс күндері Астанадағы «Сайран Аренада» футзалдан АФЛ Бірінші лигасының қысқы чемпионатының финалдық ойыны өтті. Финалда маусым лидерлері – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының командасы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Намыс» құрамасы кездесті.

Чемпионаттың алтын жүлдесі үшін соңғы ойын өте күрделі өтті. Матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал тек пенальтилер сериясында ҚРКФ командасы жеңісті мүлт жіберді.

Екі ай бойы Кәсіподақтар федерациясының командасы жеңімпаз үшін жан аямай күресті. Турнирдегі күміс жүлде ҚРКФ командасына Жоғарғы лигаға шығуға мүмкіндік берді.

Жалпы, қысқы чемпионат әсерлі өтті: қызықты матчтар, жарқын ойыншылар, белсенді жанкүйерлер және шынайы эмоциялар.

ҚРКФ құрамасының ойыншысы Дәулет Хажиханов қысқы чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды.

Кәсіподақ командасының ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамын қызықты қысқы 1-чемпионат аяқталуымен және жүктелген міндетті сәтті орындауымен құттықтаймыз! Енді АФЛ Жоғарғы лигасында жарқын жеңістер күтеміз!