Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жомарт кенішінде қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Кеншілердің қазасы марқұмдардың отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғамның қайғысы. Әсіресе, күнкөрісін жасап, отбасын асырап жүрген адамдардан айырылу жанға қатты батады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан және жеке өз атымнан Ұлытау облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Жомарт кенішінде тау жыныстарының опырылуы салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына, жақындарына және әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын», – деп жазды Сатыбалды Дәулеталин Facebook-тегі парақшасында.