«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен облыстық білім беру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған «Кәсіподақ жұмысын ұйымдастырудың түрлі (ұйымдастырушылық, қаржылық, құқықтық, ақпараттық) бағыттары» бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарды төраға Марат Даупаев ашып, кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін уақытында шешу және кәсіподақтың қызметін жетілдіру арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Семинардың маңызды бөлігін бас маман – заңгер Гүлжанат Кұрманғазиева бастап, кәсіподақ қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері мен қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі туралы баяндады. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру, жұмысты жоспарлау, кәсіподақ құжаттарын рәсімдеу және кәсіподақ мүшелерін есепке алу, әлеуметтік әріптестік кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымдық шартты дайындау және жасау, кәсіподақ ұйымының іс -қағаздарын қалай жүргізу туралы ақпарат беріліп, үлгілер ұсынылды.
Ал, бас есепші Гүлнұр Хаирлиева бастауыш кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ұйымдастыру жұмыстары туралы, бас маман – ұйымдастырушы Марина Темиргалиева кәсіподақтың ұйымдастырушылық жұмыстары мен кәсіподаққа қызметкерлерді тарту жөнінде жұмысты ұйымдастыру және кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру бағыттары бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, ұйымдар арасында Жоғары аграрлық – техникалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнур Каирлиева бастауыш ұйымның жұмыс бағыттары бойынша өзінің 8 жылдық іс тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың сұрақ-жауап бөлімінде бастауыш ұйым төрағалары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, Орталық комитетке техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына тәлімгерлік үшін және жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы төленбей отырғаны жөнінде ұсыныстарын жеткізуін өтінді.
Шараның қорытындысында төраға Марат Даупаев қатысушыларға алғысын білідіріп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арнайы жарық көрген облыстық кәсіподақ ұйымының іс – тәжірибелері жинақталған журналды табыстады.