ҚРКФ Атқару комитеті Астанада БЕАК  Жазғы мектебін өткізу жоспарын бекітті

Жұма, 21 ақпан күні Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің мүшелері ағымдағы жылдың шілде айында Астанада Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің Жазғы мектебін өткізу және дайындық жоспарын қарады.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің (ХКК-нің БЕАК) Басқарушы комитетінің отырысында Қазақстан астанасында Жазғы мектепті өткізу мақұлданған болатын.

ҚРКФ Төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева атқару комитетінің мүшелерін алдағы ауқымды шара туралы толығырақ хабардар етті.

«БЕАК Жазғы мектебібұл кәсіподақ жетекшілері мен сарапшыларына ортақ мәселелерді талқылайтын пікірталас алаңы болмақ. Айта кету керек, біздің өңірге – Орталық Азияға қызығушылық артып келеді. БЕАК мүшелік ұйымдары осы мүмкіндікті пайдаланып, аймақтағы кәсіподақтар мен әлеуметтікэкономикалық мәселелер туралы көбірек білгісі келеді. Жазғы мектеп аймақтағы кәсіподақтардың құндылықтары мен құқықтарын ілгерілету алаңы ретінде қызмет етпекжәне аймақтағы кәсіподақтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермейді деп күтілуде. Жазғы мектеп сессияларында Әділ көшу, жасанды интеллекттің (ЖИ) жұмыс орындарына ықпалы туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда», – деді Гүлнар Жұмагелдиева.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Атқару комитеті мүшелерінің БЕАК Жазғы мектебінің жоспарын бекіту туралы шешіміне тоқтала отырып, мұндай шара Орталық Азия аймағында алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

«Орталық Азия аймағында, оның ішінде Қазақстанда алғаш рет БЕАК Жазғы мектебі өткізілмек. Бұл фактіні еуропалық әріптестердің жоғары сенімі және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қазақстан Республикасы кәсіподақ қозғалысының мүдделерін халықаралық аренада ілгерілету жөніндегі күш-жігерін мойындау деп санауға болады Сонымен қатар, Жазғы мектепті өткізу – бұл ХКК-нің БЕАК әріптестерін Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуы тұрғысынан ғана емес, жалпы мемлекетіміздің мәдениеті мен тарихын таныстыруға арналған имидждік жоба», – деді ҚРКФ Төрағасы.

Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-ның Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарады. Бұл мәселені талқылауға жаңа салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәлік Әбілпейісов қатысты.

Мүшелікке қабылдау туралы өтініште «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада тіркелгені көрсетілген. Салалық кәсіподақ жалпы саны 1500 кәсіподақ мүшесі бар 15 филиал мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметкерлері салалық кәсіподағының Орталық кеңесінің 2024 жылдың 10 желтоқсанындағы отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйым ретінде кіру туралы шешім қабылданған.

«Біздің кәсіподақтың ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіру туралы шешімі салмақты және саналы. Біз салалық кәсіподақты одан әрі дамыту тек Федерация мүшелігінде мүмкін екенін түсінеміз. Тек осылай ғана біз кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын сақтап, мүдделерін қорғай аламыз», деді Мәлік Әбілпейісов Атқару комитетінің мүшелеріне арнаған сөзінде.

Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақ бірлестігінің өтінішін назарға алды, ҚРКФ Жарғысына сәйкес Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінде соңғы шешім қабылданады.

Атқару комитетінің мүшелері сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2025 жылға арналған негізгі іс-шараларының Кешенді жоспарын бекітті, оның басымдығы Жұмысшы мамандықтары жылына және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған іс-шаралар болды. Құжатта Кәсіподақтар федерациясы мен оған мүше ұйымдар қызметінің барлық негізгі бағыттары көрсетілген.

«Кешенді жоспарда білім беру жобаларынан басқа, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты шаралар мен еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу шаралары, салалық және аумақтық келісімдерді орындау мәселелері, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шаралары қарастырылған. Іс-шаралардың көбісі Жұмысшы мамандықтары жылына арналған. ҚРКФ-на мүше барлық ұйымдар іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға күш салуы қажет», – деп қорытындылады ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы