Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» КММ ұжымы кәсіподақ ұйымын құрып, облыстық филиал құрамына 11 қызметкермен кірді. Облыстық филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Құрманғалиев Нұртаспен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы келісімге екіжақты қол қойылды.
Кездесу барысында Гүлнар Оразбекова бастауыш кәсіподақ ұйымының жасаған Ұжымдық келісім-шартының негізгі мақсаты – жұмыс берушінің мекеме қызметкерлеріне әлеуметтік қызмет көрсетуі, мекеме қызметкерлері мен жұмыс берушісі арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайтынын, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасында жауапкершіліктің күшейетінін осы келісім-шартта қарастырылғанын түсіндірді.
Сонымен қоса, филиал төрағасы өз сөзінде ұйымның тұрақты әрі ырғақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында және қызметкерлердің өмір сүру деңгейін тұрақтандыруда, жұмыс беруші тарапынан еңбек келісімі бұзылған жағдайда кәсіподақ комитетінің пікірімен санасу, жұмыс уақыты мен қызметкерлердің демалыс уақытының тәртібін бекіту, ұжымдағы қызметкерлердің еңбек тәртібі Ережесін бекіту, қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау мәселелерімен айналысу, техникалық қауыпсіздік мәселері бойынша олардың ұсыныстарын қарау, талқылау, шешімдер қабылдау арқылы айқындалатынын да атап өтті.
Кездесудің соңында Гүлнар Оразбекова Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымына келешекте бірлесіп атқаратын жұмыс тек сәттілік және табыс әкеледі деп сенім білдірді.