Ақтөбе облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысы өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев тең төрағалық етті.
Онда облыстағы мұнайсервистік компаниялардағы жыл сайынғы инфляцияға байланысты жалақы мөлшерін арттыру мен ұжымдық шарт талаптарын орындау мәселелері қаралды.
Үшжақты комиссия отырысында «Синопэк Қазақстан халықаралық мұнай сервистік компаниясы» ЖШС Ақтөбе филилалы , «Ақтөбе мұнай маш комплект» ,« Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы ЖШС , «Восток мұнай және сервистік қызмет » ЖШС және « Азиямұнайгрупп сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі ағымдағы ахуал мен еңбек жанжалдарының тәуекелдері жан-жақты қаралды. Үш жақты комиссия отырысында мекемелер жетекшілері еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың жалақысын көтеру жайы мен еңбек қауіпсіздігі шараларын жақсартуға бағытталған жұмыстарын баяндады.
«Ақтөбе мұнай маш комплект» т.б. серіктестіктерде инфляция деңгейіне байланысты жалақыны индекстеу мен ұжымдық шартқа енген өзгерістерді мақұлдауда әлеуметтік әріптеспен бірқатар келіспеушіліктер бары айтылды.
Кеңесте,« Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы , «Восток мұнай және сервистік қызмет» .т.б. компаниялардың жалақыны өсіру туралы ұсыныстарының яғни ұжымдық өтініштің шешімін таппай отырғаны да назарға алынды.
Басқосуда осы және өзге де мәселелер бойынша орын алып отырған проблемалар ортаға салынып, комиссия талқысына түсті. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті алдағы уақытта да жандандыра түсу, сол арқылы ортақ түйіндерді бірлесіп шешу ұсынылды.
Күн тәртібінде қаралған жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша шаралары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.