«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ Қызылорда облыстық филиалының кезекті ХХIХ конференциясы өтті. Конференцияға Салалық кәсіподақтың төрағасы Мирболат Жақыпов, салалық кәсіподақтың төраға орынбасары, Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов, Қызылорда облыстық аумақтық бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, әлеуметтік әріптестер, делегаттар, кәсіподақ белсенділері қатысты.
2020- 2024 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған іс қимылдар жайында Облыстық атқару комитетінің, тексеру комиссиясының баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ есеп беру конференциясында жарыссөзге түскен кәсіподақ белсенділері Жаңақорған аудандық комитетінің төрағасы Қалмұхамбет Тәжіғұлов, Қызылорда полиция департаментінің емханасының кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғабит Тасмағанбетов, Жұмылдыру және шұғыл талдау жұмыстары орталығының кәсіподақ ұйымының төрағасы Димаш Мұзапбаров, Арал аудандық мәслихат аппаратының кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Қыдырбаева, Інкардария ауылдық клубының кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгерім Жұмабекова сөз сөйлеп, Облыстық филиалмен бірлесе атқарған жұмыстарына тоқталып, оң бағаларын берді.
Қатысушы делегаттар облыстық кәсіподақ комитетінің 2020-2024 жылдар аралығында атқарған жұмыстарын «қанағаттанарлық» деп бағалады. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстар мен бағыт-бағдарлар айқындалды.
Облыстық филиалдың атқару комитетінің, тексеру комиссиясының жаңа құрамы және кәсіподақ белсенділерінің, делегаттардың қолдауымен, көпшіліктің дауыс беруі арқылы Облыстық филиалдың төрайымы болып Тұрсынбаева Сәуле Сахиқызы қайта сайланды.
Конференцияда «Қызмет» салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Қазалы қаласы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәуле Нағашыбаева және Қызылорда облыстық полиция департаментінің емханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Маншүк Турманова марапатталды.