Салтанат Мағзым: Қуыршақ театрының өнері мен болашаққа  жоспарлар

Астана қаласындағы «Қуыршақ» театрының актрисасы Салтанат Мағзым – өнер әлемінде өз жолын тапқан жан. 1990-1995 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқып, «Драма және қуыршақ театры әртісі» мамандығын қызыл дипломмен тәмамдаған ол, өнер жолында көп жылдар бойы шыңдалып, танымал болды. 1997 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса, әрі режиссердің көмекшісі болып еңбек жолын бастады.

2018 жылдан бастап Қуыршақ театрының әртісі ретінде өнер көрсетіп келе жатқан Салтанат, елордадағы қуыршақ театрының қалыптасуына өз үлесін қосқан алғашқы мамандардың бірі болып табылады.

Қуыршақпен жұмыс жасау – әртіс үшін үлкен жауапкершілікті әрі қызықты жұмыс. Салтанат Мағзым қуыршақпен жұмыс жасаудың қиындықтары мен қызықтарын былай сипаттайды: «Қуыршақтың салмағы 3-8 кг аралығында болуы мүмкін. Әр қуыршақтың өзіндік даусы мен бейнесі бар, сондықтан да әрқайсысын ерекше қырынан ашуға тырысамыз. Ең қиыны – ауыр қуыршақты 40 минут бойы көтеріп жүру. Бұл – кез келген әртіс үшін үлкен физикалық күш пен төзімділікті талап ететін жұмыс».

Салтанат Мағзымның өнер жолындағы тағы бір жетістігі – «Балапан» телеарнасындағы бағдарламаны жүргізу. Өзінің өнердегі тәжірибесі мен қабілеттерін жаңа деңгейде көрсете алды. Алдағы уақытта Салтанат Мағзым өнер жолында жинаған тәжірибесі мен білімін жастарға үйрету арқылы жаңа ұрпақты тәрбиелеуге үлесін қосуды мақсат етеді

Салтанат Мағзымның өнері мен көзқарасы, болашаққа деген жоспарлары жастар мен балалар үшін үлгі болып қала бермек. Театрға деген махаббат пен жұмысқа деген адалдық әрқашан шығармашылықтың жаңа биіктеріне жетелейді. Театр үйірмелері мен балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру– оның ең үлкен арманы.