Кәсіподақ мүшесінің еңбегі елеусіз қалмады

Түркістан облысы Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші, ауданның Құрметті азаматы Қуатбек Байқожаевтың жүлдесіне арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өз бастауын алды.

Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатысқан «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Қуатбек Байжігітұлының 60 жасқа толған мерейтойына орай, еліміздің спорт саласына сіңірген еңбегі мен қосқан зор үлесі үшін ол салалық кәсіподақтың Алғыс хатымен және «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.