«Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» «Астана» қалалық филиалы «Жұмысшы мамандықтары жылы» арналған «Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы үздік жастар кеңесі» жобасын іске асыру аясында «Әлеуметтік жобалар. Идеядан іске асыруға дейін.Жас көшбасшылардың кәсіподақ қызметі аясында» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингке «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС, «Астана-Тазалық» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК, «Elorda Eco System» МКК құрылымдық және мүшелік ұйымдарының жастар кеңесінің мүшелері қатысты.
Тренингтің мақсаты – жас көшбасшылар мен кәсіподақ белсенділерін әлеуметтік жобаларды әзірлеуге және іске асыруға үйрету.
Тренинг интерактивті форматта өткізілді, ол қатысушыларға кәсіподақ имиджін жаңарту, кәсіподаққа белсенді жастарды тарту, еңбек құқықтарын қорғау саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру, білім беру бағдарламаларын дамыту және әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ақпараттық белсенділікті арттыру бойынша жаңа идеялармен шабыттануға мүмкіндік береді.
Әрбір көріністен кейін қатысушылар құқықтық аспектілерді талдап, ықтимал шешімдерді қарастырып, практикалық мәселелерді талқылады. Ойын форматындағы тренинг жастардың қызығушылығын арттырып, олардың пікірталасқа белсене қатысуына және құқықтық сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, бұл шара жастардың кәсіподақ ортасындағы сындарлы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етті. Қатысушылар мұндай кездесулердің практикалық маңызын атап өтіп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.