Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласында статистика бойынша екі жүз мыңнан астам мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер еңбек етеді, оларға тұрғын үй қорын күтіп ұстау және абаттандыру үшін жауапкершілік жүктелген.
Коммуналдық қызметкерлердің күнделікті қажырлы еңбегі көп жағдайда көзге көрінбейді. Алайда дәл осы қызметсіз біздің жайлы өмірімізді елестету мүмкін емес. Әр үй мен пәтердегі жылу, жарық, тазалық пен тәртіп – осы сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Олардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі адамдардың өмір сүру сапасы мен қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 189 бұйрығымен 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесі енгізілді.
Бүгін Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалының мүше ұйымдары: «Астана су арнасы» МКК, «Елорда Эко жүйесі» МКК, «Астана-Тазалық» ЖШС салтанатты жиындар өтіп, онда еңбек ардагерлері, кәсіподақ ұйымының көп жылғы еңбектері үшін белсенді мүшелері марапатталды.
Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен «Астана-Зеленстрой» ЖШС инженері Р.Тоқходжаев және «Астана су арнасы» МКК кәріз қызметінің шебері С.Бейсембаев, Салалық кәсіподақтың «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен Х. Ермеш, «Астана Тазалық» ЖШС машинисі А. Нұртаев «Elorda Eco System» МКК манипуляторының жүргізушісі Н. Абеев марапатталды.
Кәсіби мерекемен құттықтаған Құрылыс кешені мен ТКШ салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалы барлық ТКШ кәсіпорындарына тұрақты даму, жаңа жетістіктер мен табыстар, әріптестеріне мықты денсаулық, отбасылық амандық, көтеріңкі көңіл күй, еңбекте қуаныш пен шабыт тіледі.