Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесі салалық кәсіподақтың 100 жылдығы аясында ерекше форматтағы Zhastar Camp тимбилдингін ұйымдастырды. Шара Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасының көркем табиғат аясында өтті.
Аталған тимбилдинг – жастарға арналған жарқын әрі мазмұнды алаңға айналды. Табиғатпен үндескен ортада өткен бұл шара қатысушылардың жаңа қоғам құрудағы жауапкершілікті сезініп, командалық шешім қабылдаудың маңызын түсінулеріне сеп болды.
Zhastar Camp – бұл жас буынның әлеуетін танып, олардың азаматтық белсенділігі мен шығармашылығын арттыратын тиімді алаң. Zhastar Camp барысында жастар өзара пікір алмасып, топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Олар көшбасшылық қабілеттерін дамытып, сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлауды, креативтілік пен жауапкершілікті тереңінен меңгере түсті.
Тимбилдингтің негізгі құндылықтары – бірлік, өзара сенім, белсенділік пен шығармашылық. Бұл кеңістік жастарға болашақ көшбасшы ретінде қалыптасуға, тың идеялармен бөлісуге және ынтымақтастықтың мәнін ұғынуға зор мүмкіндік берді.
Жүз жылдық тарихы бар кәсіподақ қозғалысының жалғастырушысы ретінде жас ұрпақтың белсенділігі мен бірлігі осы шарада айқын көрініс тапты. Салалық кәсіподақтың ғасырлық мерейтойы аясында жастардың осындай белсенді жобаларға атсалысуы – ұйымның болашағы берік екенін дәлелдейді.