Денсаулық сақшылары шағын футболда бақ сынады

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында дәстүрлі шағын футбол турнирі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және медициналық ұйымдар қызметкерлері арасындағы достық байланыстарды нығайту болды.

Турнирге Қарағанды өңіріндегі 10 медициналық ұйымның құрама командалары қатысты. Жарыс тартысты әрі достық атмосферада өтті. Футбол алаңындағы әр ойын ұйымшылдықты, тәртіп пен шеберлікті талап етті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

І орын – «Шахтинск қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК (200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды);ІІ орын – «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК (150 000 теңге ақшалай сертификат);

ІІІ орын – «Нұра ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (100 000 теңгелік сертификат).

Барлық қатысушы командаларға арнайы кубоктар, марапаттау грамоталары мен сертификаттар табысталды.

Бұл турнир – тек жарыс қана емес, ақ халатты жандардың қоғамға салауатты өмір салты арқылы үлгі бола алатынын дәлелдеген маңызды іс-шара болды.