Жастар кеңесінің жұмысы талқыланды

Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Астана қалалық филиалы Атқару комитетінің отырысын өткізді. Отырыста ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер қаралып, салалық кәсіподақтың алдағы кезеңге арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.

Жиын барысында қатысушылар Жастар кеңесінің жұмысын талқылады. Жас мамандардың кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуы атап өтіліп, жастар бағытындағы жұмысты одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды.

Ерекше назар Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезіне дайындықты ақпараттық сүйемелдеу тұжырымдамасына аударылды. Жиынға қатысушылар алдағы маңызды шараға дайындық барысында заманауи цифрлық платформаларды пайдалану арқылы ақпараттық жұмысты күшейту және кәсіподақ белсенділерін тарту бастамасын қолдады.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған тапсырмалар берілді.