Әлеуметтік саланың медицина қызметкерлері марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесу өтті.

Іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, орталықтың директоры Замира Әбілдаева және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Балабекова қатысты.

Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің хал-жағдайы мен еңбек жағдайлары зерделеніп, еңбек қатынастарына қатысты заңнамалық нормалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жуырда өткен «Қызмет» салалық кәсіподағының XII съезінде қабылданған маңызды шешімдер таныстырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Жиын қорытындысында филиал төрағасы Серік Елемесұлы орталықтың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелері – 15 маусым, Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, саланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттады.

Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен — мекеменің мейіргері Күлжан Кемелбекова ;

  • «Құрмет грамотасымен» — массаж-мейіргері Оңласын Болысова және дәрігер-невропатолог, психиатр Ерубай Дошманов ;

  • «Алғыс хатпен» — мейіргер Бекарыс Сыдықов марапатталды.

Кездесу соңында орталық директоры Замира Әбілдаева «Қызмет» салалық кәсіподағына шынайы алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.