Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының Павлодар облысындағы филиалында азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау барысында өтініш беруші еңбек шартын қызметкерлерді қысқарту негізінде бұзу тәртібі туралы кеңес сұрады.
Заңгерлер өтініш иесіне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша штаттың немесе қызметкерлер санының қысқаруына байланысты бұзылуы мүмкін екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, егер еңбек немесе ұжымдық шартта өзге мерзімдер көрсетілмесе, жұмыс беруші еңбек қатынастарын тоқтату туралы қызметкерді кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімі болған жағдайда, еңбек шарты бұл мерзім аяқталмай тұрып бұзылуы мүмкін.
Еңбек шарты зейнеткерлік жасқа екі жылдан кем уақыт қалған қызметкерлермен тек жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінен құрылған тең құрамды комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана бұзылатыны да ескертілді. Бұл норма ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған мәселе толық шешімін тапқанға дейін Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өтініш берушінің жағдайын өз бақылауында ұстайды.