Қызылордада еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылық мәселелері талқыланды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтіп, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Бәйімбетов Марат төрағалық етті.Комиссия жұмысы аясында қаладағы еңбек қатынастарының өзекті кезек күттірмейтін мәселелері талқыланды.Жиынға кәсіпорындар мен мекемелер, жұмыс берушілер және комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінің негізгі бағыты – еңбек саласындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Атап айтқанда, еңбек тәуекелдері картасы, өндірістік жарақаттану, жұмысшыларды қысқарту, жалақы қарыздары мен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының орындалуы бойынша бірқатар мәселелер қаралды.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың осы кезге дейінгі кәсіпорындар мен мекемелердегі әлеуметтік шиеленіс жағдайы жайында ақпарат берді.Отырыста еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылар құқығын қорғау және әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелері егжей-тегжейлі талданды.

Әсіресе, өндіріс орындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу, міндетті сақтандыру тетіктерін дұрыс жүргізу, еңбек шарттарын ҚР Кодекстегі өзгерістерге сәйкестендіру және республикалық, өңірлікпен салалық келісімдерге ұжымдық шарттарға қажеттілігіне орай өзгерістер енгізу жөнінде мәселелер талқыланып, ұсыныстар жасалды.

Жиын барысында әлеуметтік шиеленіске  тәуекелі бар мекемелердің өкілдерімен тікелей диалог құрылды.Комиссия мүшелері тарапынан еңбек қатынастарын жақсарту, ұжым ішіндегі әлеуметтік-еңбек тұрақтылықты сақтау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Комиссия отырысы нәтижесінде еңбек қатынастарын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар жинақталып, алдағы уақытқа нақты іс-шаралар жоспары белгіленді.