Қостанай облысындағы кәсіподақ қозғалысы өзінің тамырын 1921 жылдан бастайды. Дәл осы жылы алғашқы уездік кәсіподақтар съезі өткізіліп, бірнеше кәсіподақ ұйымдары құрылды. Атап айтқанда, Қостанай губерниялық баспа өндірісі қызметкерлері кәсіподағы, жер және орман қызметкерлері, ауыл шаруашылығы және орман жұмысшылары кәсіподақтары жұмысын бастады. Сол жылы кәсіподақ мүшелерінің саны 3892 адамға жетіп, 4 клуб жұмыс істеді.
1923 жылы оқу залы мен кітапханасы бар кәсіподақтардың орталық клубы ашылып, ұйымның мәдени-білім беру бағыты дами бастады.
1948 жылы 1 қарашада алғашқы аралық кәсіподақ конференциясы өтіп, оған 100 делегат қатысты. Конференцияда кәсіподақ кеңесі (21 адам) мен президиум (7 адам) сайланды. Ұйымдастыру бюросының төрайымы ретінде Вера Фоминична Лядянова, хатшы – Танат Бисембаев, ревизиялық комиссия төрайымы – С.Л. Ханутина сайланды. Осы жылы 13 облыстық кәсіподақ комитеті 41 516 мүшені біріктірді.
Облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрамына кәсіподақтың 13 облыстық комитеті кірді, олар 41 516 кәсіподақ мүшесін біріктірді. Облыстық кәсіподақтар кеңесітің алғашқы төрайымы болып Лядянова Вера Фоминична сайланды.
1958–1961 – Төраға: Сергей Иванович Андреев. Мүшелік саны – 216 628 адам (88,3%).
1961–1970 – Төраға: Михаил Александрович Пермяков. Мүшелік қамтылуы – 95,7%.
1970–1986 – Төраға: Дмитрий Яковлевич Брусник. Мүшелік деңгейі – 98,2%. Оның бастамасымен өңірде «Сосновый бор» шипажайы, Кәсіподақтар үйі, «Турист» қонақүй кешені және Кәсіподақтар мәдениет сарайы салынды.
1986–1999 – Төраға: Николай Павлович Ермилов.
1999–2015 – Төрайым: Балбупе Ғалымжановна Иртаева. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы кәсіподақ жүйесінде еңбек етіп, аға әдіскерден бастап орталықтың төрайымына дейінгі жолдан өтті.
2015–2021 – Төрайым: Екатерина Васильевна Смышляева.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Төрайым: Ирина Петровна Аронова.
1991 жылы облыстық халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті мен кәсіподақ орталығы арасында алғашқы екіжақты келісім жасалды. Кейінгі жылдары бұл тәжірибе кеңейіп, облыстық, қалалық және аудандық деңгейде мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер арасында ұжымдық келісімдер жасала бастады.
Бүгінде Қостанай облысы кәсіподақтар орталығы:80 мыңнан астам кәсіподақ мүшесін,11 салалық және жергілікті кәсіподақтың аумақтық құрылымдарын,850 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді.
Барлық бастауыш ұйымдарда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжат — ұжымдық шарттар қабылданған. Ұйым жыл сайын дамып, кәсіподақ дәстүрлерін сақтап, жаңа мазмұнмен толығуда.