Қызылордада Еңбек күніне арналған ЕҢБЕК ФОРУМЫ өтті

27 қыркүйекте Қызылордада Еңбек күніне арналған ЕҢБЕК ФОРУМЫ өтті. Форумда облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Еңбек мерекесімен құттықтап, еңбек әулеттері мен «Үздік тәлімгер», «Үздік жас маман» номинациясы иелерін марапаттады.
Отбасылық кәсібін атадан балаға мұра етіп келе жатқан 9 отбасы, Қажырлы қайратын, біліктілігі мен білімділігін ел игілігіне жұмсаған еңбекшілер – Жұмыс істейтін жастардың 5 үздік тәлімгері және Үздік 5 жас маман Форум төрінен орын алып, ықыласқа бөленді.
Республика бойынша өткізетін еңбек екпінділерін ұлықтайтын «Еңбек жолы» республикалық конкурсына ағымдағы жылы кәсіподақтар да белсенді атсалысты. Облыс кәсіподақтары «Үздік жас маман» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша салалар арасында облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтаған болатын.
Еңбек күні мерекесіне арналған шаралар аясында, ертеңгі 28 қыркүйекте өтетін Қызылорда қаласына 200 жыл толуына арналған мерекелік шарада Еңбек адамдарының шеруі жоспарлануда.