Ақтөбеде«KASIPODAQ RUN 2025» ынтымақтастық жүгірісі өтті

Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының ұйымдастырумен «KASIPODAQ RUN RUN 2025» Триатлон паркінде ынтымақтастық жүгірісі өтті. Бұл ауқымды шараға 500-ден астам кәсіподақ мүшесі қатысты.
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 35 жылдығына арналған бұл іс-шара ынтымақтастық, денсаулық және рух күшінің нағыз мерекесіне айналды.
Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев сөз сөйледі.


«Біз үшін бұл кәсіподақ мүшелері арасындағы бірліктің, ынтымақтың және салауатты өмір салтына деген ұмтылыстың жарқын көрінісі. Қатысушыларға көтеіңкі көңіл күй мен сәттілік тілеймін», – деп атап өтті.


Ынтымақ жүгірісіне Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының өкілдері мен мүшелері, Салалық және Жергілікті кәсіподақтардың командалары қатысты. Қатысшулардың біразы шалғай аудандардан Әйтеке би, Мұғалжар, Қобда, Ойылдан да келді. Ең үлкен қатысушы жасы 70 тен асқан ұзақ жылдар Ембіде аудандық ауруханада жұмыс жасаған дәрігер Нұртуған Есмұратов. Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының өкілдері мен мүшелері, Салалық және Жергілікті кәсіподақтардың командалары қатысты. Салтанатты ашылудан кейін қатысушылар мәреге шықты.

Жүгіріс барысында салауатты бәсекелестік пен өзара қолдау атмосферасы сақталды. Әрбір бағындырылған қашықтық табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің символы болды.Барлық қатысушыларға ҚР Кәсіподақтар Федерациясының жүгіріске арнайы дайындаған мелальдары сондай-ақ лоторея арқылы ақшалай сыйлықтар мен бас жүлде санаторийға жолдама табысталды.Бас жүлдені қатысушылар арасынан нөмірлер мен жүлде ойнату әдісі арқылы 474 ші нөмірлі Қамқор денсаулық сақтау саласы еңбекерлері кәсіподағының бастауыш ұйым мүшесі, 1-ші қалалық емхананың фельдшері Рабиға Аймағамбетова ұтып алды.


«KASIPODAQ RUN RUN 2025» ынтымақтастық жүгірісі спорттық іс-шара ғана емес, нағыз бірлік пен ынтымақтың үлгісіне айналды.