Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы және Қазақстан кәсіподақтары күніне орай Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынды “Қызмет” салалық кәсіподағының Түркістан облысы бойынша Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметов ашып, ауданның белсенді кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында Қасымбек Тұрсынбайұлы ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, кәсіподақ қызметінде белсенділік танытқан бірқатар азаматтарды Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапаттады. Бұл марапаттар кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі мен еңбек адамының құқығын қорғаудағы елеулі еңбегі үшін табысталды.
Өз құттықтау сөзінде кәсіподақ төрағасы Қасымбек Хаметов: “Кәсіподақ – еңбек адамының тірегі, оның құқығы мен мүддесін қорғайтын ұйым. Бұл қозғалыс еліміздегі әлеуметтік әділеттілік пен тұрақтылықтың негізі. Барша кәсіподақ мүшелерін мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор табыс, жаңа жетістіктер, елімізге амандық пен береке, әрбір отбасына тұрақтылық пен ертеңгі күнге сенім тілеймін,” – деп атап өтті.

Мерекелік шара барысында кәсіподақ қозғалысының тарихи маңызы, оның қоғамдағы рөлі мен бүгінгі күнгі жетістіктері жайлы кеңінен сөз қозғалып, жас кәсіподақ мүшелеріне ардагерлердің үлгісі арқылы патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы айтылды.

Іс-шара соңында жиналғандар кәсіподақтың болашағына сенім білдіріп, ұйымның одан әрі дамуына бірлесе үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
 
					
					
					
				