Қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.


Күн тәртібінде еңбек тәуекелдері картасы, әлеуметтік аударымдар, жалақы қарызы жөніндегі мәселелер қаралды.
Комиссия отырысы барысында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілінің және қала мекемелері өкілдерінің хабарламалары тыңдалды.


Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері еңбек қатынастарын тұрақтандыру, жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар қабылдады.
Сонымен қатар, жалақы қарыздарының алдын алу және еңбек дауларының туындауына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі атап өтілді.


Отырыс соңында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бәйімбетов Марат әлеуметтік әріптестік қағидаттарын сақтай отырып, еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.