ҚРКФ-ның цифрлық трансформациясы: Қазақстан аймақтарының кәсіподақ белсенділері ЖИ-пен жұмысқа тартылуда

2025 жылы 31 қазанда, жұма күні  Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) кәсіподақтардың цифрлық трансформациясы бағдарламасы аясындағы семинарлар легін жалғастырды. Бұл бағдарлама ҚРКФ-ның 2030 жылға дейінгі қызмет стратегиясының негізгі бағыттарының бірі.

Семинар онлайн форматта өткізіліп, елдің барлық Аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдерін біріктірді.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин цифрлық технологияларды меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

«Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйрену өте маңызды. Бүгінгі таңда ЖИ ұсынатын құралдарды біз күнделікті қызметімізде жұмысшылардың мәселелерін шешуге пайдалануымыз қажет. Бұл тапсырмаларды орындауды жеңілдетеді, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді және кәсіби мүмкіндіктерімізді кеңейтеді», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ басшысы жасанды интеллект адам факторын толық алмастыра алмайтынын, өйткені қателіктер мен дәлсіздіктер болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан, әрбір кәсіподақ қызметкері өз жұмысымен байланысты тақырыпты түсініп, цифрлық құралдарды дұрыс пайдалана білуі маңызды.

«Бұл семинар біз үшін маңызды қадам. Бүгін біз кіріспе сабақ өткіздік, ал кейін практикаға көшеміз. Көптеген қатысушылар ЖИ технологияларымен таныс шығар, бірақ біздің мақсатымыз – әрбір кәсіподақ қызметкері технологиялардың әлеуетін пайдаланып, көмек сұрап келетін жұмысшыларға жедел қолдау көрсете алуы», – деп тілге тиек етті ҚРКФ төрағасы.

Сонымен қатар, семинардың лекторы – ҚРКФ Цифрлық технологиялар департаментінің маманы Әділет Қадірқұл цифрлық технологиялардың эволюциясы туралы шолу жасап, жасанды интеллектті өмір мен кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында қолдану бағыттары туралы айтты.

«Интеллектуалды жүйелерді құрудағы алғашқы қадамдар 1950 жылдары жасалды. Бүгінде жасанды интеллект медицинадан, көліктен бастап, өнеркәсіпке дейінгі барлық салаларда қолданылады. Кәсіподақтар үшін бұл, ең алдымен, өтініштерді автоматтандыру, құқықтық чат-боттарды пайдалану және деректерді талдау. Мұндай құралдарды дұрыс қолдану жұмыс уақытын 40%-ға дейін қысқартып, тапсырмаларды орындаудың дәлдігін 95%-ға арттыра алады», – деді спикер.

Эксперт технологиялардың кең әлеуетіне қарамастан, жасанды интеллектке мұқият және жауапты қарау қажет екенін атап өтті.

«ЖИ адам ойлауын алмастыра алмайды. Ол қателесуі мүмкін, сондықтан алынған нәтижелерді тексеріп, сыни көзқарасты сақтау маңызды», – деді маман.

Семинар қатысушылары жасанды интеллектпен жұмыс істеудің негізгі принциптерінен бастап оқуды бастады. Курс барысында кәсіподақ қызметкерлері күнделікті жұмыста қажет қолданбалы құралдарды меңгереді.

Айта кетейік, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы цифрлық құзыреттерді дамытуға басымдық береді. ҚРКФ-ның 2030 жылға дейінгі қызмет стратегиясына сәйкес, цифрландыру кәсіподақ қозғалысының тиімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты – цифрлық экожүйені қалыптастыру. Бұл жүйе автоматтандыру мен платформалық жұмыстың дамуына, сондай-ақ жасанды интеллект енгізілуіне қарамастан, еңбеккерлердің құқықтарын сенімді қорғауға жол ашады

Жобан бағыттарының бірі – онлайн-оқыту платформасын құру: қызметкерлердің цифрлық құқықтары; жасанды интеллект және еңбек; цифрлық жобаларды басқару; цифрлық кәсіподақ еріктілігі.

Жобаның бір бағыты – онлайн-оқыту платформасын құру. Онда қызметкерлерге арналған тақырыптық курстар қарастырылған: қызметкерлердің цифрлық құқықтары, жасанды интеллект және еңбек, цифрлық жобаларды басқару, цифрлық кәсіподақ еріктілігі.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясындағы алғашқы семинар 29 қазанда ҚРКФ Аппараты қызметкерлеріне өткізілді. Болашақта елдің барлық өңірлеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары үшін цифрлық сауаттылық курстары ұйымдастырылмақ.

ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы