Әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселесі талқыланды

Бүгін «Түркістан облыстық агроөнеркәсіптік кешені, қайта өңдеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек Шымкент қаласының Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы жанындағы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры Азамат Әбдеш мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ ұжымдағы әділдік пен ынтымақтастықты нығайтудағы кәсіподақ ұйымының рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ұжымда бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі қозғалып, оның қызметкерлерге берер тиімділігі мен артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.

Кездесудің соңында тараптар еңбек қатынастарындағы өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатындағы бірлескен іс-қимылдарды жалғастыруға келісті.