Кәсіподақ қатары жаңа мүшелермен толықты

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты №24 жалпы білім беретін мектептің қызметкерлері ұжымдық жиналыс өткізіп, бірауыздан маңызды шешім қабылдады. Нәтижесінде мектеп ұжымы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының «Әлихан Бөкейхан ауданы комитеті» филиалына ресми түрде қосылды. Бұл шешім ұжымның құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды қадам болып табылады және қызметкерлердің өз құқықтары мен мүдделерін бірігіп қорғауға деген сенімін арттырады.

Кәсіподаққа қосылу арқылы мектеп қызметкерлері тек өз құқықтарын қорғаумен шектелмей, сонымен қатар ұжымдық бірлікті нығайтып, білім саласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға тың серпін беретін бастамаға айналды. Ұжым мүшелері кәсіподаққа қосылудың маңыздылығын жоғары бағалап, өз тәжірибелерін бөлісуге және ұйымшылдықты арттыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Жаңа бастамаларды қолдау және естелік ретінде филиал төрайымы Меруерт Жапбарқызы Хасенова алғашқы кәсіподақ ұйымына кәсіби фотосессияға сертификат табыстады. Бұл сыйлық ұжымның ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіподақтағы белсенді рөлін мойындаудың символы болып табылады және болашақтағы ынтымақтастық пен бірліктің жаңа бетбұрысына бастама жасайды.

Мұндай іс-шаралар ұжымдағы ынтымақтастық пен өзара сенімділікті арттырып, қызметкерлерге кәсіби ортада жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қызметкерлер енді кәсіподақтың қолдауымен құқықтарын қорғауда сенімділікпен әрекет ете алады, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге белсенді түрде қатыса алады.