Қадірлі ардагерлер, құрметті әріптестер!
Бүгін біз үшін шын мәнінде ерекше күн. Біз тек кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық, Федерацияның 35 жылдық тарихын ғана емес, ел жүрегі – Астананың кәсіподақ орталығының 25 жылдық мерейтойын атап өтіп отырмыз.
Ширек ғасыр – бұл жай бір мерзім емес. Бұл елордадағы кәсіподақ қозғалысының қалыптасу, өсу және кемелдену жолы. Бұл жылдар – жанкешті еңбек пен сенімге, адамға деген құрмет пен әділдікке толы жылдар.
Астана кәсіподақ орталығы жас елордамен бірге дүниеге келді. Сол алғашқы жылдары қала жаңадан бой көтеріп жатқанда, әр құрылыс алаңында, әр мектеп пен ауруханада, әр зауыт пен кеңседе кәсіподақтың алғашқы ұйымдары пайда болды. Олардың барлығын біріктірген бір ғана ниет болды – еңбек адамына сүйеніш болу, оның еңбегін қорғау, үні болу.
Бүгінгі мерейтой – сол алғашқы күндердің рухын, сол адамдардың табандылығын, сенімін еске алатын, бағалайтын сәт.
Сегодня Профсоюзный центр Астаны – это мощная структура, объединяющая сотни первичных организаций и десятки тысяч членов профсоюза. Здесь формировались первые коллективные договоры, оттачивались механизмы социального партнёрства, закладывались стандарты честного диалога между работником, работодателем и властью.
За 25 лет центр стал школой профсоюзного лидерства, площадкой, где выросло не одно поколение активистов. Именно отсюда начались многие инициативы, которые потом стали примером для всей страны.
Кәсіподақ орталығы құрылған кезде дайын нұсқаулар, қалыптасқан жолдар болған жоқ – бәрі ақ парақтан басталды. Бірақ сенім болды, жігер болды, үлкен жауапкершілік болды. Алғашқы күндерден-ақ дәл осы жерде бүгінге дейін елорда кәсіподақ қозғалысының бет-бейнесін айқындап келе жатқан дәстүр қалыптасты.
Жүректен шыққан шынайы алғысымды Астана қалалық кәсіподақ орталығының іргесін қалаған алғашқы төрағаларға айтқым келеді. Сіздердің еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыздың арқасында орталық бүгінгідей беделді, сенімді және құрметті ұйымға айналды.
Әрқайсыңыз өз үлесіңізді қостыңыздар: бірі жұмыс берушілермен диалогтың негізін қалады, бірі ұжымдық келісімдер жүйесін қалыптастырды, енді бірі адамдардың құқығын сотта қорғады.
Сіздер бәрі жаңадан басталған қиын кезеңнен өттіңіздер және ең бастысы – адамдардың кәсіподаққа деген сенімін сақтап қалдыңыздар.
Сегодня мы выражаем глубокую благодарность ветеранам – тем, кто стоял у истоков профсоюзного центра столицы, кто верил, когда было трудно, кто закладывал основу доверия и единства. Ваш опыт – наш компас. Ваш труд – наш фундамент.
Искренние слова признательности – каждому председателю, каждому профсоюзному активисту, каждому члену профсоюза. Вы – энергия, лицо и сердце этого движения.
Благодаря усилиям многих поколений активистов Профсоюзный центр Астаны стал неотъемлемой частью большой семьи Федерации профсоюзов Казахстана. А сама Федерация за эти годы добилась значимых результатов:
– более 97% организаций, где действуют профсоюзы, работают по коллективным договорам;
– минимальная заработная плата выросла вдвое, утверждена новая методика её расчёта;
– ратифицирована Конвенция МОТ №131, восстановлены сотни несправедливо уволенных работников, возвращены миллиарды тенге долга по зарплатам;
– создан институт «Еңбек елшісі» для предотвращения конфликтов, и 97% споров решаются мирным путём;
– Федерация вернула себе международный авторитет, вошла в Международную конфедерацию профсоюзов, активно участвует в работе МОТ;
– запускаются цифровые проекты – «Социальный барометр», «Цифровой профсоюз», онлайн-школы и чат-боты для консультаций.
Но впереди новые вызовы и задачи.
Профсоюзам предстоит:
– добиваться справедливой оплаты труда и обязательной индексации зарплат;
– укреплять культуру безопасности и нулевой травматичности на производстве;
– развивать социальное партнёрство как инструмент реальных решений, а не формальностей;
– продвигать женщин и молодёжь в профсоюзное лидерство;
– защищать права работников новых форм занятости – платформенных, фрилансеров, сезонных;
– сделать цифровые сервисы профсоюзов максимально удобными и открытыми;
– усиливать влияние профсоюзов в законодательной и общественной жизни страны.
Мы уверены: опыт ветеранов и энергия молодёжи – это та сила, которая поведёт нас вперёд.
Қадірлі достар!
Астана кәсіподақ орталығының 25 жылдығы – бұл тек өткен жолдың қорытындысы емес, жаңа кезеңнің бастауы. Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Алдымызда өзгерістер уақыты, жаңа идеялар уақыты, жас буынның уақыты тұр.
Біздің мақсат – Астананы тек саяси және мәдени ғана емес, әлеуметтік әділдіктің де жүрегіне айналдыру. Әрбір еңбек адамы өз еңбегінің бағаланатынын, өзіне деген құрмет пен қолдауды сезінуі керек.
Елорда кәсіподақ қозғалысы алдағы уақытта да бірліктің, адалдық пен адамдық жылудың үлгісі бола берсін. Әрбір еңбек ұжымында әділдіктің үні айқын естілсін.
Біз өткенімізді мақтан етеміз, бүгінімізді нығайтамыз, болашағымызға сенеміз!
Рахмет!
