Кәсіподақ өкілі мемлекеттік қызметке іріктеу байқауында сырттай комиссия мүшесі болды

Ақмола облысы АКБ төрағасының орынбасары, кәсіподақ өкілі Гүлайым Абдрахманова Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің аппараты мен Павлодар облысы, Щербақты ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміндегі бос лауазымдарға арналған байқауларға «Еңбек қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық бағыты бойынша сырттай комиссия мүшесі ретінде қатысты.

Байқаулар қала әкімдігінің Инспекциялау, талдау және тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің бас инспекторы және Щербақты ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы лауазымдарына өткізілді. Байқау аясындағы сұхбатқа 2 үміткер қатысты.

Іріктеу процесін жеңілдету және мемлекеттік қызметті азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді ету мақсатында байқаулар «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы қашықтан ұйымдастырылды. Бұл жүйе байқаудың қорытындысын автоматты түрде шығарып, сыртқы араласуды болдырмайды. Сонымен қатар, жүйе жергілікті және орталық мемлекеттік органдар өткізетін барлық байқауларға қатысуға мүмкіндік береді.

Кәсіподақ өкілі ретінде комиссия отырысына қатысу – әлеуметтік әріптестікті іске асырудың нақты үлгісі болып табылады және мемлекеттік қызметте ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болмақ.