Қарттарым – асыл қазынам

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті “Еңбек күні” мерекесіне байланысты кешенді іс-шаралар жоспарын дайындап, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жеткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Ауданның Ломоносов, Төле би, Торайғыров, Өтемісұлы, Жәутіков, Сейфуллин, Амангелді, Окороков, Әуезов, Шәкәрім атындағы және №139 жалпы орта мектеп әкімшіліктері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары бірлесе өткізген “Еңбек адамына лайықты құрмет!” тақырыбында еңбек ардагерлері мен жас мұғалімдердің кездесуі өткізілді.

Барлық білім беру мекемелерінде “Еңбек күні” мерекесіне орай жазылған көрнекі үгіт сөздер ілініп, сахналар безендірілді.

Еңбек ардагерлері Г.Үмбетова, Ә.Хамитов М.Күнібаева, К.Ибраев өздерінің еңбек жолдары жайлы баяндап, жас мұғалімдерге бала тәрбиесіндегі ізгі жұмыстарына табыстар тіледі.

Кездесуге қатысқан барлық ардагерлерге сый-сияпаттар жасалынып, дастархан жайылды.

Б.Майлин, Т.Рысқұлов, Панфилов, Сәтбаев атындағы және №143 жалпы орта мектептеріндегі кездесудің соңы концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстарға ұласты.

Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті еңбек озаттарына марапаттаулар жасады.

Сондай-ақ, аудандық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің мүшелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарында болып, іс-шараларға қатысып, «Еңбек күні»  мерекесімен құттықтап, марапаттар мен сыйлықтар тапсырды.