2026 жылға арналған негізгі есептік көрсеткіштер бекітілді

Жалақы мөлшеріне, әлеуметтік төлемдерге, зейнетақыларға, айыппұлдар мен өзге де міндетті төлемдердің көлеміне тікелей әсер ететін негізгі есептік көрсеткіштер жаңартылды.

2026 жылға арналған есептік көрсеткіштер:

  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 69 049 теңге
  • Күнкөріс минимумы — 50 851 теңге

Білу маңызды:
Егер қызметкер жұмыс уақытының белгіленген нормасын толық орындаса
(күніне 8 сағат, аптасына 5 күн),
оның жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен — 85 000 теңгеден төмен болмауы тиіс.

Ең төменгі жалақы:

Мемлекеттік кепілдік: Бұл — еңбек үшін төленетін ең төменгі міндетті мөлшер.

Құрамы: ЕТЖ мөлшеріне сыйақылар, үстемақылар, өтемақылар және әлеуметтік төлемдер кірмейді.

Есептелуі: Нақты жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.