Адал еңбектің жемісі

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының тазалықшысы Мейханым Намазқызы Гасанова Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтың Алғыс хатымен марапатталды.


Марапат иегерін «Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы» АКБ басшысы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев құттықтап, арнайы сыйлықтың (теледидар) сертификатын табыстады. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша жарық көрген «Ел ырысын арттырған еңбек адамдары» жинағына Мейханым Намазқызының есімі еніп, аталған басылым да сыйлық ретінде тапсырылды.


Мейханым Гасанованың еңбегі – бұл өз ісіне деген адалдықтың көрінісі. Жүрген жерінде тазалық пен жылулық сыйлау – әйел баласына тән ерекше қасиет және көпшілікке аса байқала бермейтін, бірақ барлығына жайлылық сыйлайтын аса маңызды еңбек.
Жұмысшы маманның марапатталуы – бұл адал еңбектің бағаланғанының белгісі. Мұндай марапаттар қоғамдағы қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жастарға үлгі болады.
Мейханым Намазқызын марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына баянды бақыт тілеп, қажырлы еңбегіне алғысымызды білдіреміз.