Солтүстік Қазақстан облыстық ағарту, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлерінің кәсіподағында өткен 2025 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру науқаны басталды.
Филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары есеп беру жиналыстарын өткізілуде. Жамбыл аудандық кәсіподақ БКҰ-ның есеп беру науқанына белсенді атсалысты.

«Архангельск ЖМ» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.В. Данилова кәсіподақ мүшелерін өткен жылы атқарылған жұмыстармен және келесі жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Кәсіподақ комитетінің қызметі бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, «Пресноредут жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының есептік-сайлау жиналысы өтті. Төраға 2025 жылдың есебін берді.
Жылдың қорытындысы шығарылды: ауданның үздік кәсіподақ ұйымы, ұжымның 70%-ы және олардың балалары сауықтырумен қамтылды, жұмыс мамандығы жылында мектеп қызметкері облыстық деңгейдегі іс-шараға қатысып, вахтер мен іс жүргізуші марапатталды.

Сондай-ақ, педагогтар республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі наградаларға ие болды. Мереке күндері кәсіподақ мүшелері назардан тыс қалмай, мерейтой иелеріне сыйлықтар табыс етілді. Кәсіподақ мүшелерінің көп балалы отбасыларына көмек көрсетіліп, «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
2030 жылға дейін әрекет ететін ұжымдық шартқа қол қойылды.2025 жылы атқарылған жұмыс бойынша қорытынды жасай отырып, 2026 жылға жоспарлар белгіленді. 2026 жылғы 9 қаңтарда аудандық білім бөлімі ұжымының есептік кәсіподақ жиналысы өткізілді. Төраға Қ.Д.Жендібаева өткізілген іс-шаралар мен жұмсалған қаржы туралы есеп берді.

Кәсіподақ мүшелері балаларды сауықтыруға, сондай-ақ туған күндерін құттықтауға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді.
