Павлодарлық Заң клиникасы қызметкерге құқықтық көмек көрсетті

2026 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанованың төрағалығымен азаматтарды қабылдау өтті.

Өтініш иесі тәртіптік бұзушылықтар және тәртіптік жауапкершілік мәселелері бойынша еңбек заңнамасын қолдануды түсіндіруді, сондай-ақ мерзімі аяқталған жағдайда еңбек шартын бұзу тәртібі туралы кеңес беруді сұрады.

ҚРКФ Заң клиникасының Павлодар филиалының жетекшісі Марина Иванованың қатысуымен өтініш иесіне ҚР Еңбек кодексінің 51-бабы «Мерзімі өткеннен кейін еңбек шартын тоқтату тәртібі» және 5-тарау «Еңбек тәртіптемесі. Еңбек тәртібі» бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді.

Қабылдау барысында өтініш иесіне тәртіптік жаза түрлері, оларды қолдану мерзімдері, тәртіптік жауапкершілікке тартудың құқықтық рәсімдері туралы толық мәлімет жасалды. Сонымен қатар, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда кәсіпорынның келісу комиссиясына, ал келісу комиссиясының шешіміне қанағаттанбаған жағдайда сотқа жүгіну тәртібі түсіндіріледі.

Өтініш иесі кәсіподақтарға құқықтық қолдау көрсеткені және еңбек заңнамасын түсіндіруге көмектескені үшін алғысын білдірді.