2018 жылғы 6 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған салалық кәсіподақтар мен АКБ басшыларының қатысуымен ҚР Кәсіподақтар федерациясының жиналысы өтті.
Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым атап өткендей: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы Жолдауындағы барлық аспектілер кәсіподақтардың қызметімен тікелей ұштасады. Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты жаңғыру үрдістерінің алдында болуымыз тиіс.
Бұл – қаржымен және орындау мерзімімен бекітілген нақты міндеттер мен көрсеткіштерден тұратын айқын және ашық әлеуметтік бағдарлама. Ол ағымдағы жылғы наурызда айтылған «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын» қосымшалайды және нығайтады. Сонымен қатар, ол халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобының мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл – біздің қоғамның көптен шешімін күткен мәселесі».
ҚРКФ Төрағасының пікірі бойынша «ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ» атты бірінші міндет халықтың басым бөлігін қамтитын болып табылады. Себебі, ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру 1 миллион 300 мың қазақстандықтарды қамтиды.
Ең төменгі жалақы күнкөріс минимумына байланысты болмайтындығы нақты қадам деуге болады.
Кәсіподақтар федерациясы ҚР Президентінің ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады деген пікірімен толыққанды келіседі.
Сондай-ақ, жиналыста «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Егор Каппель, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіпкодағы» ҚБ Светлана Иманқұлова және Астана қаласының Кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев сөз сөйледі.
Жиналған кәсіподақ мүшелері ҚР Президентінің Жолдауының өз уақытына сай жолданғандығы туралы ортақ пікірге келді және кәсіподақ қозғалысы Жолдауды жүзеге асыратын қозғауш әлеуметтік күштің бірі болатындығына сенім білдірді.