Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы және «Құрмет» еркін ұстаздар қауымдастығымен бірлесе отырып Байқоңыр ауданындағы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Құрмет» атты зияткерлік куиз ойынының аудандық іріктеу кезеңін өткізді.

Ойынға қаланың Байқоңыр ауданындағы білім беру ұйымдарынан құралған 15 команда қатысты. Ойын барысында интеллектуалдық нұсқада сұрақтар қойылып, ойыншылардан тиісті жауаптар алынды.
Ойынның қорытындысына сәйкес:
1 орын:
№4 мектеп-гимназиясы, «Jabaev Team» командасы.
2 орындар:
№87 мектеп-гимназиясы, «Абай бол» командасы;
№16 «Шағала» балабақшасы, «Жалын» командасы.
3 орындар:
№10 мектеп-гимназиясы, «Ten-up» командасы;
№34 орта мектеп, «Алаш Law» командасы;
№8 мектеп-лицейі, «Infinity 8» командасы иеленді.

Жеңімпаз командалар наурыз айында өтетін қалалық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар, Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының бағалы сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.
Алдағы уақытта аудандық іріктеу кезеңі Астананың қалған аудандарында өз жалғасын табады.
