Маңғыстау облысы кәсіподақ белсенділері үшін семинар өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының білім беру марафоны аясында Маңғыстау облысының кәсіподақ белсенділері үшін «Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Жоба үйлестірушісі, ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы директорының орынбасары Ляззат Есжанова бүгінгі семинар тақырыптарының өте өзекті екенін және әлеуметтік әріптестік тараптарының қарым-қатынасын дамыту саласындағы құқықтық білімді арттыруға, ұжымдық шарттарды талқылау, әзірлеу және жасасу бойынша заманауи тәсілдерге бағытталғанын атап өтті.

Семинар спикері «Әлеуметтік әріптестік» тақырыбын қарастыра отырып ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығының бас сарапшысы Майра Боранбаева болды. Ол қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, кәсіподақтардың қатысуы жұмыс беруші мен қызметкер арасында ұжымдық келіссөздер жүргізудің міндетті шарты екенін атап өтті.

Оқыту барысында нақты тәжірибелік кейстер кеңінен қарастырылды. Атап айтқанда, ұжымдық шарт талаптарының бұзылуы, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы келіспеушіліктер, еңбек дауларының алдын алу жолдары, келіссөздер жүргізу кезінде кәсіподақтың ұстанымы және нақты жағдайларда тиімді шешім қабылдау тәжірибелері мысал ретінде талданды. Кейстер семинар қатысушыларына теориялық білімді практикалық тұрғыда түсінуге мүмкіндік берді.

Семинар ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар еңбек заңнамасының негізгі ережелері бойынша түсініктемелер алып, сұрақтар қоя алды, сондай-ақ кәсіподақ жұмысындағы нақты міндеттерді шешудің практикалық тәжірибесімен алмасты.

Мұндай іс-шараларды өткізу Маңғыстау облысы кәсіподақ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және өңір қызметкерлері үшін әділ әрі қауіпсіз еңбек ортасын құруға ықпал ететін болады.

Семинар соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерге қызықты әрі пайдалы материал үшін, өзекті мәселелерді талқылау және кәсіподақ жұмысы бойынша практикалық ұсыныстар алу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.