«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қостанай облыстық филиалының төрайымы Татьяна Булгацевич Құсмұрын ауруханасының медицина қызметкерлерімен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді.

Аталған медициналық мекеме теміржол станциясы мен УК орналасқан кент тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Кездесу барысында қызметкерлер жалпы алғанда Негізгі заң жобасын қолдайтындарын және оның қабылдануы қоғам сұраныстарына жедел үн қата алатын жүйе құруға мүмкіндік береді деп үміттенетіндерін атап өтті. Олардың пікірінше, бұл ауыл тұрғындарының ауылдық жерде тұруына байланысты өздерін шеттетілгендей сезінбеуіне ықпал етіп, өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сондай-ақ ұсыныс-пікірлерін білдірді.
