Конституциялық өзгерістердің маңызы түсіндірілді

Конституциялық референдумды қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын кеңінен насихаттау мақсатында «Citi Transportion systems» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты Нұрлан Өтешев, Астана қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин, Астана қаласы Кәсіподақтар орталығы Заң клиникасының меңгерушісі Назгүл Әзтаева, Астана қаласы «Тенгри» футбол академиясының басшысы, кәсіпкер Амангүл Базарова, «Қанаттылар» инклюзивті театры директорының орынбасары Мәдина Тұрдалиева, Serpin-Expo компаниясының директоры Дәулет Тәңірберген қатысты.

Жиын барысында коалиция өкілдері Конституция жобасындағы басты жаңашылдықтарды тарқатып айтып, саяси жүйені жаңғырту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған мемлекет қағидаттарын нығайту бағытындағы өзгерістерге тоқталды.

Кездесу еркін әрі ашық форматта өтті. Ұжым қызметкерлері конституциялық реформалардың практикалық жүзеге асырылуына, олардың еңбек саласына, әлеуметтік кепілдіктерге қатысты қойған сауалдарына жауап алды.

Шара қорытындысында коалиция мүшелері әрбір азаматтың ел дамуына жауапкершілікпен қарап, алдағы референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.