Елордадағы «Жанұя» орталығында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті.Оған үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және кәсіподақтардың өкілдері қатысты.
Жиында «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Ахметжанова, Қазақстан еңбек конфедерациясы төрағасының орынбасары Бақыт Қаппаров, «Байтақ» партиясының өкілі Бақыт Әлиғұлов және Астана қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин жаңа Ата заң жобасының негізгі басымдықтары мен енгізілген өзгерістерін ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлін, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағыттарын, еңбек жағдайын жақсарту мәселесін, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылады.Спикерлер өз көзқарасын білдіріп, қоғамдық пікір мен ұсыныстарды ортаға салып, Конституциялық реформаның тиімді әрі әділ жүзеге асуына үлес қосатынын атап өтті.
