26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен ел көлемінде жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында кездесу өтті. Жиында алдағы конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуге Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысып, жоба аясында ұсынылып отырған нормалардың қоғам өміріне әкелетін жаңашылдықтарына тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді, еңбек адамының мәртебесін арттыруды және әлеуметтік кепілдіктерді нақтылауды көздейді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Шара соңында Жаңа Конституция жобасын талқылау – әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтіліп, ел болашағына бейжай қарамауға шақырылды.
