Үлгі тұтар тұлға: ұстаз Әсел Омарова

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақжол ауылының тумасы Омарова Әсел Мұхаметқалиқызы– ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған, саналы ғұмырын білім мен тәрбие ісіне арнаған білікті басшы.

Ол Әлібек Бүркітбаев атындағы №12 ЖББМ КММ ұжымында 2004 жылдан бері табанды еңбек етіп келеді. Еңбек жолын сол жылы математика пәнінің мұғалімі ретінде бастап, жас ұрпақтың логикалық ойлау қабілетін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.


Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында 2016 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, шәкірттердің бойына ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру жолында аянбай еңбек етті. Ал 2017 жылдан бастап білім ордасының басшысы ретінде мектептің дамуына тың серпін беріп, ұжымның бірлігі мен шығармашылық әлеуетін арттыруға басшылық жасап келеді.
Бүгінде ол – ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жаңашылдыққа ұмтылған, шәкірт жүрегіне жол таба білетін парасатты басшы. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында талмай еңбек етіп, ел болашағына қызмет етуді басты мұрат санап келеді.