Референдум: ел таңдауы — ертеңгі күннің кепілі

БҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Айгүл Есекенова Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барды. Янайкино ауылында орналасқан «KAZMEAT Ақжайық» ЖШС еңбек ұжымымен өткен кездесуде маңызды саяси өзгерістер талқыланды.

Кездесу барысында алдағы Конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызына ерекше тоқталып өтті. Жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, әрбір азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге тікелей ықпал ететіні сөз болды.

Айгүл Есекенова өз сөзінде еңбек ұжымдарының пікірі қоғам үшін қашанда маңызды екенін қадап айтты. Ол референдумның жай ғана дауыс беру емес, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауына берілген жауапты сәт екенін жеткізді. Сонымен қатар, жұмысшылардың ұсыныс-пікірлері қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудің басты тірегі болатынын тілге тиек етті.

Кәсіпорын қызметкерлері де жиынға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды және көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Ашық форматтағы еркін сұхбат барысында ел дамуына қатысты тың бастамалар мен түрлі пікірлер алмасылды.

Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге және Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам